Жер жүзіндегі мыңдаған жандар баспанасыздарды қолдап түнді көшеде өткізді
Белсенділер қатарында беліглі киноактриса Хелен Миррен, Рут Джонс актер Уилл Смит, Джордж Клуни, Леонардо Ди Каприо және Брайан Кокс бар
«Би-би-си» арнасының хабарында 8 желтоқсан күніне өтер түні жер жүзіндегі мыңдаған жандар « The World's Big Sleep Out» атты бастама аясында әлемдегі 1 миллионға жуық баспанасыздарға 50 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуді қолдап түнді көшеде өткізген.
Бұл бастаманы белгілі шотландтық филантроп және бизнесмен Джош Литтлджон қолдауымен оның артынан ерген 50 мың белсенді түнгі үйқыны Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Эдинбург, Белфаст, Мадрид, Сан-Хосе, Лондон, Кардифф сынды қалаларда өткізген. Атаулы шараға шыққан белсенділер ауа-райының қолайсыздығына қарамай бүкіләлемдегі баспанасыздарға қолдау білдіру мен қатар саяси жетекшілер назарын босқындар мәселесіне көңіл бөлуін назарда тұтқан.
Қолдау білдірушілер қатарында беліглі киноактриса Хелен Миррен, Рут Джонс актер Уилл Смит, Джордж Клуни, Леонардо Ди Каприо және Брайан Кокс белсенділік танытып шараға қатысқан.
