Жер бетіндегі әр оныншы азамат COVID-19 жұқтыруы мүмкін
ДДСҰ өкілінің айтуынша Жер бетіндегі әр оныншы азамат COVID-19 вирусын жұқтыруы мүмкін
ДДСҰ өкілінің айтуынша Жер бетіндегі әр оныншы азамат COVID-19 вирусын жұқтыруы мүмкін.
«Associated Press» таратқан хабарға сай, ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бас директоры Майкл Райанның мәлімдеуінше әлем халқының 10 пайызы COVID-19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Бұл дегені шамамен 750 млн кісіге тура келеді.
Райан келтірген мәліметтерге қарағанда бұл көрсеткіштер қалалық және ауылдық жерлерде, сондай-ақ әр түрлі топтарда әр түрлі болуы мүмкін екенін айтады ол. Бірақ есептеу қорытындысына байланысты «Жер шары тұрғындарының көпшілігі» COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары.
Джонс Хопкинс университетінің бүгінгі тағ,ы мәліметі бойынша Жер шарында тәжівирусын жұқтырғандар саны 35 163 114 кісіге жеткен. Бүгінге дейін 24,5 млн астам азамат дерттен сауығып шыққан болса, 1 млннан астам жан көз жұмған.