Жартылай финалда «Бойкот» жариялаған жапондық теннисші финалға шықты
Финалда ол Лондон Олимпиадасы чемпионы беларустық Виктория Азаренкоға қарсы кортқа шығады
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан «Премьер» тұжырымы бойынша теннис турнирінің жартылай финал кездесуінде жапондық теннисші Наоми Осака расизмге қарсы әрекет үшін сайысты тоқтатуын мәлімдеген еді.
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осака АҚШ-тағы полицияның қара нәсілділерге қарсы әрекеттерін қаралап өз «Twitter» парақшасында турнирдегі ойындарын аяқтау туралы жазба қалдырған болатын. Бірақ ол кейін шешімін өзгерткенін айтып кортқа шықты.
Осака осы кездесуде «Black Lives Matter» (Қаралар Өмірі Маңызды) деген жазуы бар футболкамен шығып, бельгиялық Элизе Мертенсті 6:2, 7:6 есебінде жеңіп финалға жол алды.
Финалда ол Лондон Олимпиадасы чемпионы беларустық Виктория Азаренкоға қарсы кортқа шығады.