Жапонияның жаңа императоры таққа отырды
Бұл императордың дәуірі «Рейв»,-деп аталып, ол «тәртіп», «сұлулық пен үйлсім» деген мағынаға ие
Жапонияның жаңа императоры Нарухито 2000 қонақтың қатысуымен өткен салтанатты шарада ресми түрде таққа отырды.
Токиодағы Император сарайындағы салтанатты шарада Нарухито конституцияға сәйкес, Жапонияның халқына қызмет етуге ант берді.
Осы салтанатты рәсімді өткізу үшін жапон үкіметі 147 миллион доллар қаржы жұмсаған. Бұл көрсеткіш алдыңғы император, яғни 30 жыл билікте отырған Нарухитоның әкесі Акихитоны 1990 жылда таққа отыру рәсіміне жұмсалған қаржыдан 30 пайыз жоғары.
Ал, императордың таққа отыру рәсіміне өтетін әскери парад елдегі табиғи апат «Хагибис» тайфунының болуына байланысты 10-шы қарашаға қалдырылған.