Жапонияның бүкіл аймағында төтенше жағдай жарияланды
Қазіргі уақытта Жапонияда коронавирустан жапа шеккен жандар саны 9231 кісіге жеткен
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мемлекетте коронавирустың тарауына байланысты бүкіл ел аумағында төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеп, бұл жағдай 6 мамырға дейін жалғасатынын айтты.
Бұған дейін өткен аптада Токио, Осака және басқа бес префектурада коронавирустың таралуын тоқтату үшін төтенше жағдай жарияланған болатын. Оған негізгі себеп жоғарыдағы жеті аймақтан сырт елдің басқада аумақтарында да коронавирустың бар екені анықталған және қауіпсіздікті күшейту мақсатында сәуірдің соңы мен мамырдың басында келе жатқан ұзақ демалыс кезеңінде адамдардың қозғалысын азайту үшін жедел шаралар қабылданған.
Джонс Хопкинс университетінің дерегінше қазіргі уақытта Жапонияда коронавирустан жапа шеккен жандар саны 9231 кісіге жеткен. 190 азаматтың қазасы тіркеліп, 935 ауру емделген.