Жапониядағы тасқыннан Фукусима тұрғындарыда зардап шекті
Тайфун салдарынан зардап шеккен аймақтар Фукусима, Мияги, Канагава, Тотиги, Саитама, Нагано, Сидзуока.
Жапонияның солтүстік-шығысында орналасқан Фукусима префектурасы тайфун салдарынан ең көп зардап шеккен аймақ болып тұр әзірге. Мұндағы орыналғанапат 25 адам өмірін алып кетті.
Өткен аптаның демалыс күндері басталған «Хагибис» тайфуны соңғы жарты ғасырда өте қауіпті тасқын екені айтылып, тасқыннан кейін күшті жаңбыр жауған. Кейбір аймақтарда 1,5-2 айлап жауатын жауын екі күнде жауып қойған. Нәтижеде елдегі 37 өзеннің 57 қорғаныс бөгеттері бұзылған.
Табиғи апат салдарынан елдегі құрбандар саны 61-ге жетіп жарақат алғандар саны 200-ден асқан. Қазірде су басқан аймақтар мен қираған орталарда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуе, темір жол транспорттарының қатнауы тоқтатылып, байланыс үзілген.