Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапониядағы олимпиадалық ойындар өтетін стадионнан радиацияның жоғары деңгейі байқалды
14:51 / 2019-12-05

Радиация анықталған аймақтағы жер бетіндегі сәулелену деңгейі сағатына 71 микрозивертке жеткен.


Жапонияның Фукусима префектурасындағы 2020 жылы Токио олимпиадасының ашылу салтанаты өтетін спорт кешенінде жоғары деңгейдегі сәулелену ошақтары анықталған.

Халықаралық тәуелсіз үкіметтік емес экологиялық «Гринпис» ұйымының мәліметінше, Фукусимадағы J-Village алаңы айналасындағы жер бетіндегі сәулелену деңгейі сағатына 71 микрозивертке жеткен. Бұл сәулеленудің деңгейі 2011 жылғы «Фукусима-1» АЭС-те орыналған апатқа дейінгі болған дәрежеден 1775 есе жоғары болғаны анықталды.

Бұл жағдайға орай «Гринпис» ұйымы 18 қарашада Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Синдзиро Коидзумиге Олимпиада кезінде адамдарды радиациялық әсерден сақтандыру үшін шұғыл шара қолдануды талап ететін хат жіберіп, осы хабарлама нұсқасы Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония Ұлттық Олимпиада Комитетіне және Фукусима губернаторына да жіберілген.

«Санкей» газетінің хабарында, Халықаралық эко ұйымның арнайы хатты жолдамасынан соң жергілікті АЭС ТЕРСО операторлық компаниясы 3 желтоқсанда стадионның айналасында радиоактивті топырақ қабатын алып тастаған. Ал, Жапониядағы «Гринпис» ұйымы сарапшылары үкімет тарапынан жасалған әрекетің қаншалықты тиімді болғанын тексеруге ниет білдірген.