Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапониядағы лайнерді коронавирус себеп ешбір порт қабылдамай тұр
13:21 / 2020-02-12

Кеме құрамында 3700-ден астам жолаушының 174-і коронавирусқа шалдыққан


1455 саяхатшысы мен 802 экипаж мүшесі бар Holland America Line компаниясына тиісті MS Westerdam круиз лайнері Жапония жағалауларында 3 ақпаннан беріге карантин себеп Тайван, Филиппин, Оңтүстік Корея мен Жапонияның 6 порты қабылдамай кері қайтарған. Десе де кеме құрамында еқшандай вирус белгілері анықталмаған.

Ал 4 ақпаннан беріге Жапонияның Йокогама портында 19 ақпанға дейін карантинге байланысты тоқтап тұрған 3700-ден астам жолаушысы бар Diamond Princess кемесіндегі саяхатшыларының арасында коронавирусты жұқтырған азаматтар саны 174-ке жеткен. Қазірде кемеге сырттан азық жеткізіліп ешбір жанның одан шығуына жол берілмей тұр. Кемеге коронавирус Тайландтан жолға шыққан саяхатшыдан өткендігі анықталған.

Соңғы деректер бойынша Қытайда вирустан көз жұмғандар саны 1113-ке жетіп, ауру жұқтырғандар 44653 кісіге жеткен.