Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда толассыз жауған нөсердің салдарынан 52 адам қайтыс болды
09:40 / 2020-07-07

Елдің оңтүсткі-батысында орналасқан үш аймақта "Қызыл" деңгейлі төтенше жағдай жарияланған


Жапонияда толассыз жауған нөсердің салдарынан 52 адам қайтыс болып, 12 адам хабар-ошарсыз кеткендігі айтылады NHK телеарнасының хабарында.

Бірнеше күннен беріге елдің оңтүстік-батысында жауған нөсердің салдарынан алапат тасқындар орын алып, соның нәтижесінде Кюсю аралының Кумамото префектурасында 51 адам қайтыс болды, тағы бір адам сол аралдағы Фукуока префектурасындағы тасқындар құрбаны болған.

Жапон метеорологиялық агенттігі осы маңда орналасқан Фукуока, Сага және Нагасаки префектураларында өте күшті жауынның болары жөнінде ескерту жасап, оны ең жоғары деңгейде жариялаған. Эвакуация кезінде қалып қойған азаматтарға жауын уақытында қабырғасы мықты ғимараттарда жан сақтаулары айтылған.