Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда өте қауіпті дауылды топан басталды
18:39 / 2019-10-12

Мұндай дауылды тайфун соңғы 60 жылда болмаған екен


Біраз уақыттан беріге жапон баспа беттерімен қауіпсіздік органдарының ескертпе дабылы жапон елін осыдан 60 жыл алдын орыналған өте қауіпті “Хагибис” дауылды топан тасқындары бүгін Хюнсо аралындағы Идзу түбегінде орын алды.

Бүгін ғана басталған бұл табиғи апаттан жапон метеорология орталығының хабарлауынша 1 адам қаза тауып, 50 кісі түрлі дәрежедегі дене жарақат алған және 4 азамат белгісіз жоғалған. Осы апат салдары көп туындайтын шеткі аймақтардан 9 миллионға жуық адам эвакуацияланған.

Жауын-шашынның салдарынан өте қауіпті тасқындар болатыны хабарланып елде қауіпсіздіктің ең жоғары дабылы соғылған. Қазірдің өзінде дауыл орталығындағы желдің жылдамдығы секундына 65 метрді құраған.

Апат садарынан электр желілерімен байланыс үзілген. Дүкендер мен мекемелер жабылған. Әуе рейстері тоқтатылып, Регби бойынша әлем чемпионаты кейінге қалдырылды.