Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда төлем карталарына арналған бос нөмірлер таусылуда
00:51 / 2020-08-25

Жергілікті кредиттік карта беруші компанияларда төлем карталары үшін бос нөмірлер комбинациясы таусылып келеді


Коронавирустық пандемия салдарынан Жапонияда онлайн-сауда көлемі күрт өсті. Соның нәтижесінде халық жаппай төлемдік карталарға жүгіне бастап, оның соңы қазірде жергілікті кредиттік карта беруші компанияларда төлем карталары үшін бос нөмірлер комбинациясы таусылып келетіні хабарланды.

Күн шығыс еліндегі бұл жағдай тек пандемияға байланысты емес, үкіметтің стратегиясына орай қолма-қол ақшаны қолданудан бас тартудан туындап отыр. Өйткені 2019 жылдың қазан айынан бастап әр бір азаматтың несие картасы арқылы жасалған сауда пайдаланушының шотына бонустық ұпайлар сыйлаушы еді.

Жапонияда қазіргі таңда 280 эмитент-компания қызметін жолға қойған болып, олардың көпшілігі 16 сандық карта шығарады. Бұл реттік компанияларға әлемдік төлем жүйесінде жоғары сұранысқа ие «Visa» және «MasterCard» сияқтылармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бірақ қазір эмитенттер 17 сандық несие карталарына ауысуды қарастыруда.

Бірақ мұндай ауысу жүйесі халықаралық төлем гиганттарымен ынтымақтастықты шектейді. Екіншіден, бұл желіні іске қосу жүздеген миллион доллар кетеді. Жергілікті «Майнити Симбун» ақпарат көзінің хабарлауынша реформа жасау мен жалған карточкалардың алдын алу үшін жалпы қаражат құны 1 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұдан бөлек, эмитент-компаниялар бұрын шығарған 16 санды 300 миллион картамен не істеу керектігін шешуі қажет - оларды 17 таңбалы карточкалармен қайта шығару немесе осы карталарды жаңасымен бірге қолдануды енгізу керек болады.