Жапонияда сатушы өз дүкеніне қытайлық азаматтардың кіруіне тыйым салды
Бұл жағдайға қытайлық азаматтар өздерін қорлайтын жарнама жасады деп айыптап, кешірім сұрауын талап етті және дүкенді бойкот жариялауға үндеді
«Қытайлықтардың кіруне тыйым салынады!» - Қытайда жаңа вирустық пневмонияның таралуына байланысты Фудзия етегіндегі Хаконе туристік қалашығында жапондық өзінің кәмпиттер дүкенінің есігіне осындай хабарландыру іліп қойған», - деп жазады Асахи газеті.
Онда сатушы өзін «Мен өзімді коронавирустан қорғау үшін зәру шаралар қолданғым келеді және қытайлардың дүкенге кіргенін қаламаймын», - дейді хабарландыру авторы.
Бұл жағдай қазірде қытайлық Интернет қолданушыларының наразылығын тудырған. Олар бұл жағдайды қытайлықтарды қорлайтын жарнама жасады деп айыптап, кешірім сұрауын талап етті және дүкенді бойкот жариялауын ескерткен. Өйткені бұл жағдай алғашқысы емес болып осыған дейін 2017 жыл косметика сатушы дүкен иесі өз дүкеніне қытайлықтардың кіруіне тыйым салынады деген жазып қойған болатын.
Бүгінгі ақпаратқа сай Қытайдың Ухань қаласында тараған коронавирустан қаза тапқандар саны 9 жетті. Ал осы вирусты жұқтырған азаматар Жапония, Оңтүстік Корея, Тайван тіпті АҚШ-тада анықталған.