Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда маскасыз жолаушының кесірінен ұшақ шұғыл қонды
15:38 / 2020-09-09

Жапонияда жергілікті «Peach Aviation» әуекомпаниясының ұшағы медициналық маска киюден бас тартқан жолаушының кесірінен шұғыл қонуға мәжбүр болды


Жапонияда жергілікті «Peach Aviation» әуекомпаниясының ұшағы медициналық маска киюден бас тартқан жолаушының кесірінен шұғыл қонуға мәжбүр болды.

«NHK» хабарлауынша, лайнер Хоккайдо префектурасының солтүстігіндегі Куширо әуежайынан елдің батысындағы Кансай әуежайына ұшпақ болған. Алайда ұшу кезінде ұшақ экипаж мүшесі 124 жолаушы арасынан қорғаныс маскасы жоқ адамды байқап, компания өкілдері жолаушыдан тәртіп бойынша маска тағуын сұраған. Жолаушы оны орындаудан бас тартып, қасындағы бірге отыруға қарсы болғандарға қопал мәліме көрсеткен және экипаж мүшелерін қорқытуға тырысқан.

Осы жағдайдан кейін экипаж капитаны тәртіпсіз жолаушыны ұшақтан түсіріп жіберу үшін ұшақты Жапон теңізінің жағалауындағы Ниигата әуежайына қондырады. Мемлекет Көлік министрлігі бұл маскаға байланысты оқиға негізінде алғашқы жоспардан тыс қону болғанын айтқан.

Мәжбүрлі қонудан кейін борттағы қалған жолаушылар межелі жерге бір күн кешігіп жеткізілген.