English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапонияда коммерциялық ғарыш зымыранының ұшырылуы сәтсіз аяқталды
10:06 / 2020-06-14

Бұған дейін компания «MOMO» зымыранын орбитаға шығару үшін 4 рет әрекет жасаған. Оның тек біреуі ғана сәтті аяқталған.


Жапондық «Interstellar Technologies» жеке компаниясының «MOMO» атты ғарыштық зымыранын орбитаға ұшырудың әрекеті сәтсіз аяқталды. Зымыран әуеге көтерілгеннен кейін арадан бірнеше минут өтіп әуеде жарылып теңізге құлаған.

Хоккайдо аралының солтүстігіндегі Тайики қаласынан ұшырылған «MOMO-5» ғарыштық зымыранының бесінші әрекетіде осылай сәтсіз аяқталған. Қазірде оның неліктен құлағаны жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Салмағы 1 тоннаға жуық болған зымыран жобасына 445 мың доллардан астам қаржы жұмсалған.

Бұған дейін компания «MOMO» зымыранын орбитаға шығару үшін 4 рет әрекет жасаған. Алайда оның тек 2019 жыл мамыр айындағы ұшуы ғана сәтті шыққан. Сол кезде зымыран ашық кеңістікте 113 км биіктікке көтерілген.

Компанияның жобасына сәйкес, «MOMO» зымыранын Жер атмосферасы мен ғарыш арасындағы шекара – Карман сызығын өткізу және 2023 жылға қарай бортында жер серігі бар зымыранды орбитаға ұшыруға ниетті.