Жапонияда аптапты ыстықтан 150-ге жуық адам қайтыс болды
Жыл сайын Жапонияда аномалды ыстықтан мыңдаған адам жапа шегіп жүздеген азамат қайтыс болады
Жапонияда тамыздың басынан бері аномалды ыстықтан қайтыс болғандардың жалпы саны 148-ге жетті.
Соңғы жеті күнде Токиода аптап ыстықтың салдарынан 17 адам қайтыс болған. Бұл Жапониядағы жаздың ең ыстық апталығы ретінде тіркелді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы аптада қайтыс болғандардың орташа жасы - 40 пен 90 жас аралығындағылар болсада, жалпы қаза болғандардың көпшілігі 70 жастан асқандар.
Дүйсенбі күні Хамамацу қаласында температура 41,1 градусқа дейін көтерілген. Бұл екі жыл бұрынғы рекордты дәрежедегі ытықтық қайта жаңартты. Токиода ауа-рауы 35-36 градусқа дейін жеткен. Ел билігі тұрғындарға күн сәулесінен жақсы қорғауды сұрап мәлімдеме жасаған.
Жыл сайын Жапонияда аномалды ыстықтан мыңдаған адам жапа шегіп жүздеген азамат қайтыс болады. Өткен жылы елде ыстықтың салдарынан 126 адам көз жұмған.