English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония Олимпиаданы қарапайым түрде өткізуге шешім қабылдады
09:35 / 2020-06-11

2021 жылға көшірілген Жарыстар үш негізгі қағидаға негізінделген түрде өтеді


Коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға көшірілген Токио-2020 Олимпиадасы жеңілдетілген түрде өтетін болды.

Бұл жөнінде ұйымдастыру комитеті 10 маусымдағы отырыста мәлімдеп, «Біз шығындарды азайту және вирустың таралуын болдырмау мақсатында Ойындардың форматын жеңілдетуге бағытталған саясатты мақұлдадық», - деген.

2021 жыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығындағы Жарыстар үш негізгі қағидаға негізінделген түрде өтеді. Олар - қауіпсіз жағдай, шығындарды азайту және Ойындар форматын жеңілдету.

Бұған дейін Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатысушылардың саны қысқартылып, стадиондардағы көрермендер саны шектеулі болуы мүмкін деп хабарланған болып, Жапония тіпті спортшылар мен команда мүшелеріне ғана емес, білкім сайыстарды тамашалауға келетін жанкүйерлерді де міндетті түрде коронавирустық тестілеуден өткізіп, Олимпиадалық ауылдан тыс жерде спортшылардың қозғалысын шектеу нұсқасын қарастырған.