Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония, Оңтүстік Корея және БАӘ елдерімен экономикалық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды
22:40 / 2020-07-02

Президент осы елдермен 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың «жол картасында» көрсетілген шараларды толық және сапалы орындау қажеттілігін атап өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 шілде күні Жапония, Корея Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен басым жобалардың барысын, сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-техникалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастыруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Өзбекстан жапониялық серіктестермен бірлесіп геология, химия және мұнай химиясы, банк пен қаржы, денсаулық сақтау мен білім беру салалары бойынша жалпы құны 5,6 миллиард долларлық 48 жоба жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «HIS» компаниясымен қонақүй кешендерінің құрылысы, «Isuzu» және «Itochu» компанияларымен «СамАвто» бірлескен кәсіпорнының өндірістік қуаттылықтарын кеңейту, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) мен Науаиы жылу электр станциясында қуат блогын салу және басқа да көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

Соңғы жылдары Корея Республикасымен екіжақты ынтымақтастық жақсы дамып келеді. Осы жылдың басынан бері тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті, Оңтүстік Корея капиталымен 60 жаңа кәсіпорын құрылды, олардың жалпы саны 855-ке жетті. Сонымен қатар Ташкентте көпсалалы балалар медициналық орталығын және Ферғанадағы Өзбекстан-Корея халықаралық университетін құру жөніндегі жобалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде 1000 жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

ӨР Президенті осы жылдың 17 сәуірінде Ташкент облысының Зангіата ауданында құрылыс жұмыстарын бастап берген Инновациялық ғылыми-фармацевтикалық кластердің құрылысы қарқынды жүріп, осынау жоба аясында Фармацевтикалық техникалық университеті және дәрі-дәрмек өндіретін заманауи қондырғыларды құруды қарастырады.

Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) мен Экономикалық даму қорының қаржы-техникалық көме бағдарламалары аясында жалпы соммасы 750 млн доллардан астам 17 жоба жүзеге асырылуда.

Жапония және Оңтүстік Кореямен бірлескен жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жалпы құны 1 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тарту көзделіп, барлық қол жеткізген уағдаластықтардың толық орындалуы арқасында 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өндірісті 4,1 млрд долларға және экспортты 1,14 млрд долларға асыру мүмкіндігін береді.

БАӘ капиталы арқасында құрылған кәсіпорындар саны 141 құрайды. Бүгінгі таңда 4 миллиард доллардан астам нақты жобалар әзірленуде. Атап айтқанда, «Masdar» компаниясы Науаиы облысында қуаттылығы 500 МВт болатын жел электр станциясының құрылысына 500 миллион доллардан астам инвестициясы салуда.

Абу-Даби даму қорының қатысуымен жарияланған капиталы 1 миллиард доллар болатын бірлескен кәсіпорын құрылды. Компания алғашқы жобаларды қаржыландыруға кірісті. Сонымен бірге Абу-Даби даму қоры Самарқандтың инфрақұрылымын жаңартуға да қатысады.

Президент Шавкат Мирзияев Жапония, Корея Республикасы және БАӘ елімен 2020 жылға арналған ынтымақтастықтың «жол картасында» көрсетілген шараларды толық және сапалы орындау қажеттілігін атап өтті.