French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапондық әйел футбошы Юки Нагасото ерлер командасына өтті
10:29 / 2020-09-12

Әйелдер футболы бойынша Жапония ұлттық құрамасының ойыншысы Юки Нагасото ерлер құрамасында ойнайтын болды


Әйелдер футболы бойынша Жапония ұлттық құрамасының ойыншысы Юки Нагасото ерлер құрамасында ойнайтын болды.

«ESPN» таратқан хабарға сай, соңғы үш жыл ішінде Американың «Чикаго Ред Старз» әйелдер командасында ойнаған 33 жастағы спортшы Жапонияның «Хаябуса Элевен» ерлер клубына арендаға өтіп, ел тарихындағы алғашқы ерлер сапында ойнайтын әйел футболшыға айналды.

Нагасото мансабын жапондық «НТВ Белеза» клубында бастап, 2010 жылы ол Еуропа клубтары «Турбин», «Вольфсбург», «Франкфурт» (Германия) және «Челси» (Англия) сапында ойын көрсткен.

2004 жылдан бастап Жапония ұлттық құрамасында алаңға шыққан Юки Нагасото 2011 жыл Әлем ччемпионы, 2015 жыл Әлем кубогында күміс медаль мен 2012 жылда Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған.