Жапондық компания ұшатын автокөлікті сынақтан өткізді
Жапонияның «SkyDrive» компаниясы бортында адамы мен бірге SD-03 әуеде ұшатын автокөлікті сынақтан өткізді
Жапонияның «SkyDrive» компаниясы бортында адамы мен бірге SD-03 әуеде ұшатын автокөлікті сынақтан өткізді.
Екі жылдық ізденістер нәтижесінде аэромобильдің мүмкіндігі қазірше 1,5-2 метрдей көкке көтеріліп әуеде 10 минуттай қажетті әрекетті жасауға жеткен болса да, бұл жақсы нәтиже дейді, жоба жетекшісі Томохиро Фукудзава. Өйткені бортында адамы мен бірге ұшатын әуе көлігін құрастырушылар арасында осы нәтижені көрсеткендер өте аз екендігімен байланысты.
Компания өкілдері алдағы уақытта аэромобильдің әуеде ұшу уақытын 30 минутқа дейін ұзартпақ және оның максималды жылдамдығы шамамен 100 км/сағ асырып, 30 шақырымға дейінгі қашықтыққа жеткізуді көздеген.
«SkyDrive» компаниясының басшысы әрі осы жобаның жетекшісі Томохиро Фукудзаваның болжамынша 2023 жылға қарай «ұшатын автокөлікті» өмірлік пайдалану құралына айналдыруға болады. Ең маңыздысы оны қауіпсіз етіп жасау екендігін айтқан.