Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді
13:25 / 2020-10-10

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта накаутқа жіберді


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен, кездесу екінші кезеңде бітті. Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Г.Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді.

Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды. Ал 23 жастағы Г.Кория бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалған болатын. Бұл – оның төртінші жеңілісі.