English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын Өзбекстанда шығару жоспарланып отыр
10:03 / 2021-07-24

Қытайдың «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы мен өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын Өзбекстанда шығару жоспарланып отыр.

Инновациялық даму министрлігі мен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту агенттігінің шақыруымен қытайлық «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясының делегациясы 23 шілдеде Ташкентке келді. 

Министрлігтің хабарлауынша, делегация өзбек-қытай вакцинасын Өзбекстанға өндіруді жолға қою туралы келіссөздер жүргізуге келген. Сарапшылар вакцина өндірісінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін бағалайды.

Қытай Ғылым академиясы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина жасау жобасының бастамашысы және үйлестірушісі болып табылады. 

Инновациялық даму министрлігі жанындағы алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы және денсаулық сақтау министрлігінің вирусология ғылыми-зерттеу институты вакциналарды сынауға тікелей қатысқаны, сондай-ақ клиникалық зерттеулерге қосқан үлесінің арқасында Өзбекстан вакцинаның тең құқылы авторы ретінде танылды.

Еске сала кетейік, ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының Өзбекстандағы қоры 8,5 миллион дозаға жеткен. Бұл вакцинаның азаматтар үш дозасын қабылдағанда толықтай емделген болып саналады.