Қытайдың «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы мен өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы Өзбекстанда шығарылатын болды.
Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, 23 шілдеде Ташкентке келген қытайлық «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясының делегациясы Өзбекстанда ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын өндіруді жолға қою туралы келіссөздер жүргізіп, оған елдегі мүмкіндік толықтай жетеді деген қорытында жасалған және қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіру туралы меморандумға қол қоюға келісім жасалған.

Тараптар бірінші кезеңде Өзбекстанда айына 10 миллион доза вакцина өндіруді, содан кейін бұл көрсеткішті жылына 200 миллион дозаға дейін арттыру мүмкіндігі туралы пікір алмасқан.
Вакцина өндірісі үшін оған қажетті шикізат Қытайдан әкелінетін болып, оның өндірісі 2021 жылдың тамыз айынан басталмақ.
Еске салар болсақ, Қытай Ғылым академиясы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцина жасау жобасының бастамашысы және үйлестірушісі болып табылады.
Инновациялық даму министрлігі жанындағы алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы және денсаулық сақтау министрлігінің вирусология ғылыми-зерттеу институты вакциналарды сынауға тікелей қатысқаны, сондай-ақ клиникалық зерттеулерге қосқан үлесінің арқасында Өзбекстан вакцинаның тең құқылы авторы ретінде танылған болатын.