Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің төртінші жиналысы өтті.
Аталған жиында ТМҰ мемлекеттері мамандары үшін орган мен тіндерді трансплантациясы саласында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін «Турктрансплантты құру ниеті туралы хаттамаға» қол қойылды.
Кездесуге Әзербайжанның денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаев, ТМҰ Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиев, Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемал Мемисоғлу, Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Даврон Султонов, Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алимқодир Бейшеналиев және Қазақстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ербол Оспанов қатысты.
Іс-шара барысында, сондай-ақ, мүше және бақылаушы мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми зерттеу институттары арасында онкология, кардиология, офтальмология, педиатрия, травматология және ортопедия салаларында ынтымақтастық туралы құжаттар қол қойылды.