Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ташкентке келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуіне құрметті қонақ ретінде қатысу үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 15 қараша күні жұмыс сапарымен елімізге келді.
«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Еске сала кетейік, 15–16 қараша күндері Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуі өтеді.

Саммиттің күн тәртібінде Орталық Азияда өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ басым салалар бойынша бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Аймақтық және халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу жоспарланған.

Б.ХУДОЙБЕРДИЕВ, Р.НАЗАРМАТОВ (сурет), ӨзА