Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді
19:31 / 2024-08-21

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 22-23 тамызда елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес Ташкент қаласында Өзбекстан мен Әзербайжан басшыларының төрағалығымен жоғары деңгейдегі келіссөздер мен Мемлекетаралық Жоғарғы кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарланған.

Саммиттің күн тәртібінде Өзбекстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен көп қырлы ынтымақтастық қатынастарын одан әрі тереңдету және кеңейту мәселелері қарастырылған.

Өзара тауар айырбастауды ұлғайту, ынтымақтастық жобаларының жаңа портфелін қалыптастыру, іскерлік қарым-қатынастарды, соның ішінде өңіраралық алмасуды дамыту, көлік-коммуникациялық әлеуетті іске асыру, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру және басқа да мәселелер басты назарда болмақ.

Сондай-ақ, Президенттер екі елдің бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, бірқатар іскерлік және мәдени шараларға қатысуы да көзделген.