Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Зер қадірін зергер білер
14:08 / 2020-09-26

Әрбір адам өмірді өз қарысымен өлшейді


Әрбір адам өмірді өз қарысымен өлшейді. Барлығы өзінің пайым-парасатына, ақыл-ойына, дүниетанымына, қоршаған ортасына, мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктеріне, тағы басқа адамилық құндылықтарына қарай пікір айтып, ой бөліседі.

Адамдардың, тіпті мемлекеттер арасындағы түсінбеушіліктерге де осындай адамилық, саяси құндылықтардың сан алуан болуы себеп болатыны жиі айтылады. Мұндай келіспеушіліктер, әсіресе, өзіңізге таныс емес ортада немесе көзқарасы сәйкес келе бермейтін жандардың арасында, сондай-ақ сіздің жүрген ортаңызға байланысты. Сондықтан сізге айтылған сөзді көңіліңізге алудан бұрын оны «кім» айтқанына да мән бергеніңіз жөн. Мүмкін ол басқа ойда айтқан шығар. Әр адамның субъективті көзқарасы бар екенін де ескеру қажет.

Пікір айтуға, сын тағуға келгенде бәрі шебер. Сондықтан пікір білдіріп, біреуді сынағанда немесе жалпы бір адамға баға берген кезде абай болған жөн. Кейде адам өзінің әлі жетпейтін нәрсегеде де орынсыз араласып, айналасындағы адамдарды өкпелетіп қоятыны да жоқ емес. Бұл керісінше де болуы мүмкін.

Осы тақырыпқа байланысты мынадай астарлы әңгіме жайлы ой бөлісуді жөн көрдік:

Баяғыда бір жас жігіт Зун-н-Нун Мисриге келіп, сопылардың қателіктерін, тағы басқа көп кемшіліктерін жіпке тізгендей етіп жайып салыпты. Оның сөзіне құлақ қойған мысырлық ләм демей, саусағындағы сақинасын шешіп алып: «Мына сақинаны базарға апарып көрсет, алқаға қанша ақша ұсынады екен, байқа» деп қолына ұстатады.

Оған сақина үшін бүкіл базардағы саудагер арасында ешкім бір күміс теңгеден артығын баға ұсынбапты.

— Енді, мұны нағыз зергерге апар және ол үшін қанша ақша төлейтінін көр, — дейді сопы. 

Зергер, әлгі жігітке қолындағы сақина үшін мың алтын теңге береді. Сонда жас жігіт таңғалып, болған жайтты сопыға айтып келеген кезде,.

Сопы: — Енді сенің адамдарды бағалау туралы білімің базардағы саудагердің зергерлік бұйымдар туралы көзқарасымен бірдей екеніне көз жеткіздің бе? — дейді.

Қорыта айтқанда, біреуге баға беруден бұрын ойланыңыз. Орынсыз сөйлеп, астарлы әңгімедегі мына бір жігітке ұқсап ұятқа қалмып қоймаңыз.

Бәрінің көңілі — өз көңіліңіз сияқты нәзік.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА