Зеленскийдің мұң басқан бейнесі АҚШ-тың Time журналы мұқабасында басылды
Екі от арасында қалған адам келбеті мен ешкімге сенбейтін жан бейнесі
Саясат әлеміне енді ғана қадам басқан Владимир Зеленскийдің суреті алғаш рет АҚШ-тың Time журналы мұқабасында жарияланды. Сурет астына «Ортада қалған жан. Украина президенті Владимир Зеленский Путин және Трамптың арасында қалуы»,-деп жазылған.
Украина басшысы келесі апта Парижде өтетін «Норманд төрттігі» келіссөздерінен алдын АҚШ-тың Time журналына сұхбат берді. Онда журналист Зеленскийді соңғы рет 8 ай алдын көргенін және осы уақыт аралығында оның біршама өзгергенін айта келіп «шашаңқы» татқан, және біраз «қартайып» қалғаны жайында жазған.
Сұхбат шағында Владимир Путинге сенесізбе деген сұраққа Зеленский мүлдем ешкімге және ең жақын бюолған серіктеріне де сеніе алмайтынын айтып «Саясат бұл анық формасы айқын ғылым емес... Оған ешкімнің сенуге құқығы жоқ. Онда әркімнің өз мүддесі бар» -деп жауап қайырған.
Жақында ғана телефон арқылы сөйлескен екі ел басшыларының, 9-шы желтоқсан күні Париж қаласында өтетін «Норманд төрттігі» кездесуі аясында екеуара жеке жолығуы жоспарланған.