Зеленский кімге 1 миллион доллар беруге уәде берді?
Елдің бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшконың сөздеріне қарағанда Зеленский өз атынан академиктерге хат жазуды сұраған
Украина президенті Владимир Зеленский коронавирусты емдеуге қарсы вакцинаны алғаш жасаған украиндық ғалымға 1 миллион доллар беруге уәде берді.
Елдің бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшконың сөздеріне қарағанда Зеленский өз атынан академиктерге хат жазуды сұрап, осы індетті емдейтін дәрі ойлап тапқанға кемінде 1 миллион доллар беруге уәде еткен. Ляшконың айтуынша Украинада аптасына 30 мың тест өткізілуде, жақын күндері бұл көрсеткіштерді 80 мыңға жеткізу жоспарланған.
Соңғы дерекке сай Украинада вирус жұқтырғандар саны 2,7 мыңнан асқан. Олардан 83 көз жұмып, 89 азамат емделген.