Зеленский Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды
Еуропалық саясаткерлер Украина президенті Володимир Зеленскийді Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды.
Нобель сайтында жарияланған хабарға сай, саясаткерлер «тарихи және бұрын-соңды болмаған оқиғаларға байланысты» кандидаттарды ұсыну мерзімін 31 наурызға дейін ұзартуды сұрап, «бұл президент Зеленский мен Украина халқының Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылуын қамтамасыз ету үшін қажет», - деп түсіндірген.
Осылайша, еуропалық саясаткерлер Украина халқына әлемнің олар жағында екенін көрсеткісі келеді, делінген мәлімдемеде.