Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты
Қазіргі кезде ел аумағында 3199 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда
Өзбекстанда тәулік бойы коронавирус індетін жұқтырған 390 кісі тіркеліп жалпы covid-19 белгісі анықталғандар саны 40 054-ке жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің 26 тамыз кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада бүгін 579 жан індеттен сауығып шығып, 6 науқас індеттен көз жұмған.
Осы жағдайдан соң елде 36 562 жанның сауыққаны анықталып, өлім жағдайы 293 жеткені белгілі болды.
Қазіргі кезде ел аумағында 3199 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 294-нің жағдайы ауыр, 139 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.