Өзбекстанда індетін жұқтырғандар саны 38,5 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада тағы 7 азамат көз жұмған
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар қатары 38,5 мыңнан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің 22 тамыз кешкі қорытынды мәліметі бойынша республикада тәулік бойы індет жұқтырған науқастар саны 458 кісіге көбейген және 587 ауру жан сауығып, 7 науқас індеттен көз жұмған.
Осы жағдайдан соң елде 38 532 кісіде індет анықталғаны белгілі болып, олардан 34 576 жанның сауыққаны анықталды. Бүгінге дейін 267 науқастың өлімі тіркелген.
Қазіргі кезде ел аумағында 3689 ауру жандар дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 259-нің жағдайы ауыр, 116 азаматтың хәлі өте ауыр екені айтылған.