Өзбекстанның жалпы сыртқы қарызы 6 пайызға өсті
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанның жалпы сыртқы қарызы 6 пайызға немесе 2 миллиард долларға өсіп, 35,9 миллиард долларға жетті.
Орталық банктің хабарлауынша, жылдың басынан есептегенде 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік сыртқы қарыз 3% -ға немесе 627,9 млн долларға өсіп, 22 млрд-ты құрады. Ал, мемлекет кепілдік бермейтін сыртқы қарыз 11 пайызға немесе 1,4 миллиард долларға өсіп, 13,9 миллиард долларға жетті.
