Өзбекстанның вакцина қоры 7,4 миллион дозаға жетті
Өзбекстанға 30 маусымда қытай және өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының тағы да 1 миллион доза партиясы келді.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекті вакцина партиясы әкелінгенен кейін елдегі коронавирусқа қарсы препарат қоры 7,4 миллион дозаға жеткен.
Бүгінгі күнге дейін елдегі вакцинация процедуралары барысында 3,5 миллионнан астам доза қолданылған.
Атаулы вакцинаның алғашқы партиясы Ташкентке 27 наурызда әкеллінген.
27 сәуір - 1 миллион доза,
18 мамыр - 1 миллион доза,
19 мамыр - 500 мың доза,
10 маусым - 1 миллион доза ,
29 маусым – 1 миллион дозалы партиясы жеткізілді.