Өзбекстанның Украинадағы елшілігі басқа жерге көшірілді
Өзбекстанның Украинадағы елшілігі уақытша Львов қаласына көшірілді.
СІМ ресми өкілінің мәліметінше, елшілік дипломаттары Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жалғастыруда.
Украинаның әртүрлі аймақтарында орналасқан отандастармен тұрақты байланыс орнатылғаны айтылған хабарламада.