English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның тұрақты халық саны күн сайын орта есеппен 1,8 мың адамға өсіп келеді
10:31 / 2022-04-13

2022 жыл басынан бері Республикада тұрақты тұрғындардың саны күн сайын 1,8 мың адамға өсіп келеді.

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстандағы халық саны 35,4 млн адамды құрайды. Жыл басынан бері тұрақты халық санының өсу қарқыны 0,5 пайызға жеткен.

Комитет дерегінше, ел халқының саны жыл басынан бері орта есеппен айына 54,2 мың адамға өсіп отыр. Ал, күн сайын тұрақты халық саны орта есеппен 1800 адамға көбейуде.

Тұрақты халықтың 17 миллион 607 мың 934-і әйелдер, 17 миллион 825 мың 838-і ер азаматтар екені белгілі болды.