Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35,27 миллионға жетті
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 271 276 миллион адамды құрауда.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, жалпы халық құрамының 17,9 миллион азаматы қалада, 17,4 миллион адам ауылды мекендерге қоныстанған.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстандағы тұрақты тұрғындардың саны 34,5 миллион адамды құраған болатын. Ал, 2020 жылы күн сайын тұрақты халық саны орта есеппен 1,8 мың адамғам көбейген.