Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 34,8 миллионнан асты
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 34,8 миллионнан асты.
Комитет дерегінше, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 34 860 170 адамға жеткен. Оның 17,7 миллионы қалада, 17,2 миллион тұрғыны ауылдық жерлерде тұрады.
Еске салар болсақ, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 34 миллион 558,9 мың адамды құраған болатын.