Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның тоқыма өнімдерінің экспорты 2 млд долларға жетті
17:45 / 2022-09-07

Жыл басынан бері Өзбекстанның шетелге тоқыма өнімдерінің экспорты 2 миллиард долларға жуықтады.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2022 жыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Өзбекстанның шетелге тоқыма өнімдерінің экспорты 1,91 миллиард долларға жүзеге асырылды, бұл жалпы экспорт көлемінің 17 пайызын құрайды.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 19,2 пайызға өскен. Тоқыма экспортының негізгі үлесінде мақта (51,3 пайыз), дайын трикотаж және тігін бұйымдары (25,1 пайыз) бар.

Портал дерегінше, қаңтар-шілде айларында Өзбекстаннан әлемнің 194 еліне тоқыма өнімдерінің 67-ден астам түрі экспортталған. 

«Өзбекстан экономикасында жеңіл өнеркәсіптің рөлі айтарлықтай артты, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8,8 пайызды құрады», - делінген хабарда.