Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Түркияға барды
15:25 / 2023-09-28

2023 жылғы 26-27 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бастаған делегация Түркия Республикасында сапармен болды.

СІМ мәліметінше, Анкара қаласындада Өзбекстан мен Түркияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бахтиёр Саидов пен Хакан Фиданның төрағалығымен Өзбекстан-Түркия стратегиялық жоспарлау тобының кезекті отырысы өтті. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықта қол жеткізілген ілгерілеушіліктер қорытындыланып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар айқындалды.

«Министрлер алдағы жоғары деңгейдегі диалогтар кестесін, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселелерін, жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Шара соңында Өзбекстан мен Түркияның сыртқы істер министрліктері арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына, сондай-ақ Дүниежүзілік экономика және дипломатия университеті жанындағы Дипломатиялық академия мен Түркия Сыртқы істер министрлігіне қарасты Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», делінген хабарламада.