2023 жыл басынан бері Өзбекстанның сыртқы саудасы 15 миллиард долларға жуықтады.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 14,8 миллиард долларды құраған.
Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд долларға немесе 11,9 пайызға өсті. 2022 жылмен салыстырғанда экспорт 2,6 пайызға азайып, 5,7 миллиард долларға, ал импорт 23,4 пайызға артып, 9,1 миллиард долларға жетті.
Өзбекстан дүние жүзінің 167 мемлекетімен сауда байланысын орнатқан. Жыл басынан бері Өзбекстан мен Қытай арасында 2,4 миллиард долларлық сауда-саттық жүргізілді. Екінші орында 2,2 миллиард доллар көрсеткішпен Ресей тұр.
Облыстар бойынша ең көп сыртқы сауда айналымы Ташкент қаласы, Ташкент және Әндіжан облыстарына, ал ең төмен көрсеткіш Сұрхандария, Қарақалпақстан және Қашқадария аймақтарына тиесілі.