Өзбекстанның сыртқы сауда серіктес мемлекеттері 200-ге жетті
2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 51,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 млрд АҚШ долларына немесе 19,8 пайызға артқан.
Сыртқы сауда құрылымында экспорт көлемі – 23 млрд АҚШ доллары (+31,3 пайыз), импорт – 28,4 млрд АҚШ доллары (+11,8 пайыз).
Бүгінде Өзбекстан әлемнің 200 елімен сауда қатынастарын жүзеге асырып келеді.
Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігін Қытай (18,9 пайыз), Ресей (16,1 пайыз), Қазақстан (5,9 пайыз), Түркия (3,7 пайыз) және Корея Республикасы (2,2 пайыз) үлесіне тура келеді.