Өзбекстанның сыртқы сауда әлеуеті артуда
Қазіргі таңда Өзбекстан әлемнің 194 елімен сауда байланысын жүзеге асырып келеді. Бұл ретте Қытай, Ресей, Қазақстан, Түркия және Корея Республикасы жетекші серіктес мемлекеттер қатарында.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында елдің сыртқы сауда айналымы 37 млрд АҚШ долларына жеткен.
Сыртқы сауда айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 млрд АҚШ долларына немесе 26,3 пайызға өскен.
Мәліметке сәйкес, сыртқы сауда айналымының едәуір бөлігі Қытайға (6 556,8 млн АҚШ доллары), Ресейге (6 028,3 млн АҚШ доллары), Қазақстанға (2 210,3 млн АҚШ доллары), Түркияға (1 340 млн АҚШ доллары) және Корея Республикасына (837,1 млн АҚШ доллары) тиесілі.
Бұл ретте экспорт көлемі 16,9 млрд АҚШ долларын, ал импорт 20,1 млрд АҚШ долларын құраған.