Өзбекстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 57 миллиард доллардан асты
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 57,3 миллиард АҚШ долларына жетті.
Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымының көлемі 26,2 пайызға артқан.
Экспорт – 23,2 миллиард (30,6 пайызға өсті), импорт – 34,1 миллиард (23,3 пайызға өсті).
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Өзбекстан әлемнің 199 елімен сауда байланысын орнатты.
Сыртқы сауда айналымының салыстырмалы түрде маңызды үлесі Қытай (21,3 пайыз), Ресей (15,5 пайыз), Қазақстан (7 пайыз), Түркия (5 пайыз) және Корея Республикасының (3,7 пайыз) үлесіне тиесілі.