Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы ТОП -10 мемлекет
2024 жылдың қаңтар айында Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 4,2 миллиард АҚШ долларына жетті.
Статистика агенттігінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда айналымында жоғары үлесі бар серіктес елдер арасында Қытай бірінші орынды иеленді – 1,1 миллиард доллар.
Одан кейінгі орындарда сыртқы сауда айналымындағы үлесі тиісінше 767 миллион доллар және 271,2 миллион доллар болған Ресей мен Қазақстан елдері тұр.
Бұл көрсеткіш қалған елдерде мынадай:
- Түркия – 213,9 млн доллар;
- Корея – 180,2 млн доллар;
- Германия – 96,3 млн доллар;
- Жапония – 90,3 млн доллар;
- Франция – 78,3 млн доллар;
- Үндістан – 67,6 млн доллар;
- Чехия – 64 млн доллар.