Өзбекстанның сыртқы сауда айналымында Қытай көш бастап тұр
2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымында Қытай елі көш бастап тұр. Серіктес елдер арасында Қытайның жоғары үлесі – 4,5 миллиард долларды құраған.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, одан кейінгі орындарда тауар айналымы тиісінше 3,8 миллиард және 1,9 миллиард долларды құраған Ресей мен Қазақстан тұр.
Бұл көрсеткіш қалған елдерде келесідей болды:
— Түркия – 1,3 млрд;
— Корея – 1,0 млрд;
— Германия – 894 млн;
— Қырғызстан – 419 млн;
— Түркіменстан – 364 млн;
— Франция – 332 млн;
— Ауғанстан – 328 млн.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 25,8 миллиард АҚШ долларын құрады.