Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 5 млрд долларға азайды
08:13 / 2020-12-23

2020 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 32,9 млрд долларды құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 миллиард долларға немесе 12,9 пайызға азайған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, сыртқы сауда айналымында экспорт 14,1 млрд доллар (10,5% -ға төмен), ал импорт 18,7 млрд долларды (14,7% -ға төмен) құраған. Есепті кезең аясында 4,57 млрд доллар көлеміндегі пассивті сыртқы сауда сальдосы тіркелді.

Осы кезеңде аралығында сыртқы сауда айналымының едәуір үлесін Қытай (17,4%), Ресей (15,4%), Қазақстан (7,9%), Оңтүстік Корея (5,8%), Түркия (5,7%), Қырғызстан (2,5%) және Германия (2,2%) елдеріне тура келген.

Елдегі экспорт өнімінде жетекші компонент алтын үлесіне тура келіп - 40,9% құраса, одан кейінгі кезекте өнеркәсіп өнімдері (18,3 пайыз), тамақ және тірі жануарлар (8,6 пайыз), химиялық заттар және ұқсас өнімдер (5,2 пайыз) тұрды.

Импорттық тауар арасында ең көп қаржы автокөлік пен көлік жабдықтары (37,6%), өнеркәсіп тауарлары (17,2%) және химиялық заттар мен ұқсас өнімдер (13,8%) жұмсалған.