2021 жылдың алғашқы төрт айында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 3,5 пайызға төмендеді. Атап айтқанда, осы кезеңде экспорт көлемі 19,1 пайызға төмендеген болса, импорт 7 пайызға өскен.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы (ССА) 10,3 млрд долларды құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 378,8 млн долларға немесе 3,5 пайызға төмен.
ССА-да экспорт 3,48 илрд долларға жетті (19,1 пайызға азайған), ал импорт 6,84 млрд долларға өсті (7 пайызға). Ширек қорытындысы бойынша сыртқы сауда балансының пассивті сальдосы 3,35 млрд-қа жеткен.
20 ірі сыртқы экономикалық серіктестердің қатарында, тек алтауы Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Канада және Иран елмен белсенді сыртқы сауда балансы сақталған. Қалған 14 елмен пассивті сыртқы сауда балансы сақталғаны белгілі болды. Бірақ осы дәуірде Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы ТМД елдерімен белсенділігі артқан. Яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға жоғары.