Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 32,6 миллиард долларға жетті
12:17 / 2021-11-22

2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 32,65 млрд долларды құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,55 млрд долларға өсті (өсім 8,5%).

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде экспорт 12,43 млрд долларды құраса (2020 жылғы қаңтар-қазанда 6,7%-ға төмендеген), ал импорт 20,22 млрд долларға (өсім 20,5%) жеткен.

Осылайша сыртқы сауда сальдосы пассивті көрсеткіші – 7,78 млрд долларды құраған.

Сыртқы экономикалық байланыстарда 20 ірі сауда серіктестерінің ішінде төрт елмен, атап айтқанда Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркиямен белсенді сыртқы сауда балансы бар. Қалған 16 елдемен сыртқы сауда айналымының деңгейінде пассивті баланс сақталғаны айтылады хабарда.

Қазіргі таңда Өзбекстан әлемнің 179 елімен сауда байланыстарын орнатқан болып. Сыртқы сауда айналымының ең үлкен үлесі Қытай (18,6%), Ресей (18,0%), Қазақстан (9,7%), Түркия (8,3%), Корея Республикасы (4,7%), Қырғызстан (2 ,4%) және Германия (1,9 пайыз) елдерімен орнаған.