Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 20 млрд доллардан асты
Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 20,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 20,5 миллиард АҚШ долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 миллиард долларға өскен.
Сыртқы сауда айналымында экспорт көлемі 8,3 млрд долларды құраған болса, импортқа 12,2 миллиард доллар жұмсалған.
Бұл ретте экспорт құрамында өнім 7,2 млрд доллар, қызметтер 1,1 млрд доллар пайда әкелді. Ал импорт бойынша өнімге 11,2 миллиард доллар, қызметтерге 930 миллион доллар жұмсалған.