Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы артты
Қазіргі таңда Өзбекстан дүниежүзінің 190-ға жуық мемелекеттерімен сауда байланыстарын жүзеге асырып келеді.
Қазіргі таңда Өзбекстан дүниежүзінің 190-ға жуық мемелекеттерімен сауда байланыстарын жүзеге асырып келеді.
Осы елдер арасында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы ең көп үлесі мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше Қытай Халық Республикасына тиесілі болып 19,2 пайызды құрайды. Кейінгі орындарда Ресей (15,2 пайыз),Қазақстан (8,4 пайыз), Оңтүстік Корея (6,6 пайыз), Түркия (5,9 пайыз), Германия (2,4 пайыз), Қырғызстан (2,0 пайыз).
Ал, жыл басынан бері қаңтар мен қараша айлары аралығында сыртқы сауда айналымы 38,2 млрд АҚШ долларын құрап, 9,5 млрд АҚШ доллар немесе өткен жылдың осы кезеңіне байланысты 33,4 пайызға артқан. Экспорт көлемі 43,3 пайызға артып 16,2 млрд АҚШ долларға жеткен болса, импорт көлемі 27 пайызға өсіп 22 млрд-қа жеткен.
Өзбекстанның ТМД елдері мен сауда айналымы 34,2 пайызды құраған. Ал сыртқы сауданың көп мөлшері яғни 65,8 пайызы басқа елдер үлесіне тура келген.